Қазақстандық спортшылар жаттығуларын қайта бастайды

Қазақстандық спортшылар жаттығуларын қайта бастайды

Жақын уақытта ұлттық құрамалардың спортшылары оқу-жаттығу жиындарын қайта бастайды. Олардың барлығы алдымен коронавирусқа қарсы тесттен өтіп, содан кейін ғана жұмысқа кіріседі.

Сонымен қатар оқу-жаттығу үрдісін оқшаулау режимінде тиімді ұйымдастыру үшін жедел штаб құрылды. Оның жетекшісі болып Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов тағайындалды.

«Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап, біздің спортшылардың көбі үйде жаттықты. Бірақ қазір ТЖ режимі алынғаннан кейін спортшыларымыз Олимпиадалық лицензияларды алу үшін маңызды жарыстарға қарқынды дайындықты жалғастыруы керек. Әрине, біз үшін ең бастысы – бұл спортшылардың денсаулығы, сондықтан қазір оларға жоғары сапалы және қауіпсіз жаттығу процесін қамтамасыз ету маңызды », - деді Елсияр Қанағатов.

Спортшылардың жаттығуы үшін барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін аккредиттелген спорт нысандарына ғана рұқсат беріледі. Сонымен қатар Ұлттық Олимпиада комитеті оқшаулаудың арнайы шаралары туралы ережелер әзірледі. Штат саны азаяды. Ал қалғандары спортшылар сияқты, жеке тұрып, жалғыз тамақтанатын болады. Түрлі командалар арасында байланыс та алынып тасталады.

«Спорттық базаға келгенге дейін барлық спортшылар мен жаттықтырушылар КВИ қарсы ПТР тестілеуден өтуі керек. Содан кейін оларға қажетті жеке қорғаныс құралдары беріледі. Сонымен қатар күніне тағы бірнеше рет медициналық тексерулер өтеді», - деп атап өтті ҰОК.

Бірінші оқу-жаттығу жиынын боксшылар бастайды. Олар үшін Ақбұлақтағы Олимпиада орталығының есігі ашық. Бүгінгі таңда база спортшыларды қабылдауға толық дайын.

 

Фото: express-k.kz