АҚШ 10 жылға жуық уақыттан соң өз жерінен ғарышқа астронавт аттандыру ісіне қайта оралды

АҚШ 10 жылға жуық уақыттан соң өз жерінен ғарышқа астронавт аттандыру ісіне қайта оралды

Америка соңғы 9 жылда өз жерінен алғаш рет ғарышқа адам ұшырып, Ресей мен Байқоңырға тәуелділіктен құтылуға тарихи қадам жасады. Миллиардер, өнертапқыш Илон Масктың SpaceX компаниясы жасаған ғарыш кемесі өткен демалыс күндері екі америкалықты Жерден орбитаға шығарды. Бортында АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш әкімшілігі астронавтары Роберт Бенкен мен Дуглас Херли бар Crew Dragon зымыраны Флоридадан шығыс уақыты бойынша 15.22 ұшырылды.

Сапар алдында Дуглас Херли: «Біз ғарышқа аттанамыз. Мына шамды жағайық», -деп, 1961 жылы ғарышқа алғаш ұшқан америкалық Алон Шепардтың сөзін қайталады.

Араға бірнеше минут салып Falcon 9 зымыраны орбитаға жетті. Ғарыш кемесінің бірінші сатысы Атлант мұхитында орналасқан арнайы платформа үстіне қайтып қонды.

Арада тағы бірнеше уақыт өтіп екінші сатысы бөлініп, қос астронавт Халықаралық ғарыш станциясына жол тартты.

Америкалық Reuters басылымының хабарлауынша Falcon 9 зымыраны бұған дейін 2011 жылы соңғы рет НАСА ғарыш сапарына жөнелткен айлақтан аттанды. Осы күнге дейін америкалық ғарышкерлер орбитаға тек Ресейдің «Союз» зымырандарымен жеткізілген еді.

«Бұл нағыз технологиялық күш, бұл ерекше тарихи сәттің көрінісі», - деді ұшыру рәсіміне қатысқан АҚШ президенті Дональд Трамп.