Тараз өңірінде орта ғасырдан қалған жәдігерлер табылды

Тараз өңірінде орта ғасырдан қалған жәдігерлер табылды

Төл тарихымызды түгендеу. Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени қорық музейі Ұлы даланың шежіресінен сыр шертер жаңа жәдігерлермен толықты. Олардың дені қоладан құйылған көне зергерлік бұйымдар және қыш ыдыстар мен тиындар. Тарихшылар ең құндысы Шыңғысханның бабасы Қайдуханың мөрі бейнеленген күміс тиын, дейді. Мамандар бұл тиын 1268 жылы Отырарда құйылған деп топшылайды. Бұлардан бөлек, аң стиліндегі металл бұйым мен мыс бұйымдар табылды. Қараханидтер дәуіріне жататын ежелгі заттарды мұражайға жергілікті тұрғындар тапсырған.

«Бұл бөліктердің барлығы болашақта арнайы анализге жіберілетін болады. Мамандар бұлардың бәрін зерттеп, зерделеп, Алла қаласа, біздің музей сөрелерімізден орын алады деген ойдамыз. Музейге сый акциясы аясында көптеген жәдігерлер өткізіліп жатыр. Рахметімізді айтамыз. Өйткені осы кісілердің арқасында осы жәдігерлер ұрпақтан ұрпаққа ата-бабаларымыздан қалған мұра ретінде музей сөрелерімізде мақтанышпен орын алады деген ойдамын», - дейді Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени қорық музейінің бөлім басшысы Жазира Шілдебаева.

 

Фото: 24.kz