Елбасы кітапханасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған бейнекөрме ұсынады

Елбасы кітапханасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған бейнекөрме ұсынады

«Болашақ үшін естелік». Елбасы кітапханасы осындай атаумен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап көрме әзірледі. Репрессиялық саясат салдарын ұйымның ресми сайтында виртуалды тамашалау мүмкіндігі жасалып отыр. Ата кетерлік жайт, Елбасы кітапханасының музей жинағынан алынған жәдігерлер көрмесі алғаш рет бейнематериал үлгісінде дайындалған.

Көрермендер назарына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жеке архивінен алынған архивтік құжаттар, фото, бейне хроникалар, сондай-ақ кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандары туралы шынайы деректерді қалпына келтіруге және тарихи естеліктерді сақтауға бағытталған Қазақстанның мемлекеттік саясаты жөніндегі кітаптардың тақырыптық жинағы ұсынылады.

«Болашақ үшін естелік» виртуалды бейнекөрмесінің материалдарымен 31 мамырдан бастап presidentlibrary.kz сайтының «Музей» → «Виртуалды көрмелер» бөлімінен танысуға болады.

 

Фото: presidentlibrary.kz