Шассиі ашылмай қонған әскери ұшаққа қатысты тексеру нәтижесі жарияланды

Шассиі ашылмай қонған әскери ұшаққа қатысты тексеру нәтижесі жарияланды

2020 жылдың 4 мамырында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің С-295 ұшағымен болған авиациялық оқиғаны тексеру аяқталды. Тергеуді Қорғаныс министрінің бұйрығымен ұшақты әзірлеуші компания Аirbus Military, сондай-ақ, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС өкілдерімен бірлесіп құрылған арнайы комиссия жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша комиссия Жетігендегі авиациялық оқиғаның себебі шассидің алдыңғы тірегінің доңғалақтарын басқару жүйесінің техникалық ақауы болғанын айтады

Шассидің алдыңғы тірегінің шықпауына байланысты болған штаттан тыс жағдайда экипаж ақауды жою үшін қажетті барлық жағдайды жасады. Әскери ұшқыштардың сауатты іс-қимылдарының арқасында әуе кемесі Жетіген аэродромына сәтті қона алды.

«ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы шешімімен С-295 ұшағының экипажы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда майор Жеңіс Зайнулдинов және капитан Аблай Ибраев – II дәрежелі «Айбын» ордендерін, майор Кәрім Пахирдинов және прапорщик Игорь Карабец – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарын тағынды»,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ, Қарулы Күштер мен Төтенше жағдайлар комитетінің жердегі қызметтерінің кәсіби әрекеттері атап өтілді. «Жетіген» аэродромын ұшақтың авариялық қонуын қамтамасыз етуге алдын ала дайын болуы, адам шығынының алдын алуға және авиациялық техниканы сақтауға мүмкіндік берді.

 «Қорғаныс министрінің бұйрығымен ұшақтың жердегі авариялық қонуын қамтамасыз етуде кәсібилік танытқан әскери қызметшілер «Ел қорғаны» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды»,- делінген Қорғаныс министірлігінің хабарламасында.

 

Фото: ​liter.kz