ҚХА балаларды қорғау күніне арналған сурет байқауын жариялады

ҚХА балаларды қорғау күніне арналған сурет байқауын жариялады

Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында  елордалық оқушылар арасында «Әлем балалар көзімен» атты сурет байқауын жариялайды.

Байқау талабы бойынша суретті Instagram әлеуметтік желісінде салып, ақпарат астына баланың аты мен жасын жазып, #1маусымҚХА хештегімен бірге қою қажет.

«Жас санаттары бойынша біз байқаудың 3 финалисін таңдап, ақтық бөлім өткіземіз. Онда біздің оқырмандарымыз дауыс беру арқылы басты жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар саны - үшеу. Олар елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бағалы сыйлықтарға ие болады», - делінген хабарламада.

Байқау қорытындысы 1 маусым күні жарияланады.

 

Фото: belta.by