Семейде Абайдың 175 жылдығына орай сирек кітаптар каталогы жарияланады

Семейде Абайдың 175 жылдығына орай сирек кітаптар каталогы жарияланады

Қазір каталог баспаға дайындалып жатыр. Басылымға Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында сақтаулы тұрған сирек кітаптар енеді және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді.

Облыстық кітапханадағы сирек кітаптар туралы «Артық білім кітапта» әдеби-экспозициялық көрмесі сыр шертеді. Ол келесі бөлімдерден тұрады: «Абай оқыған кітаптар», «Абай кезіндегі раритетті басылымдар», «Абай сирек басылымдардың беттерінде», «Өлкетану басылымдарындағы Абай дәуірі», «Абай ізбасарларының рухани мұрасы», «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы», «Әлем таныған Абай».

«Абай сирек басылымдардың беттерінде» бөліміне ерекше назар аударғым келеді. Сирек өлкетану басылымдары ақынның тұлғасын ойшыл ретінде ғана емес, қоғам қызметкері ретінде аша түседі. Абай қоғамдық өмірге белсене араласқан, ол қала мен халқының тағдыры үшін алаңдайтын, кітапхананың сирек басылымдар қорынан осыған дәлел болатын деректерді табуға болады»,-дейді ШҚО әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Нұғыманова.

Сондай-ақ, қойма қорында «Семипалатинск облысының 1914 жылдағы ауыл шаруашылығы саласына шолу» раритетті кітабы сақтаулы. Ол Семипалатинск қаласында 1915 жылы басып шығарылған. Шолу облыстық статистика комитетінің ерікті тілшілерінің жазбалары негізінде құрастырылып, онда ауылдардағы халық саны, мал басының көлемі, болыстық, ауылдық басқармалардағы шабындықтар мен жайылымдар туралы мәліметтер енген.

«Статистикалық жинақтың басты құндылығы – онда Абай және оның айналасы туралы нақты тарихи мәліметтер көрсетілген», - дейді кітапхана қызметкерлері.

Каталогта Абай атындағы облыстық кітапханада ұсынылған әрбір сирек басылым туралы қысқаша ақпарат беріледі. Таралымы 1000 дана болмақ.

 

Фото: afisha.a42.ru