Ұлы Абайдың 175 жылдығы Қырғызстанда кеңінен атап өтіледі

Ұлы Абайдың 175 жылдығы Қырғызстанда кеңінен атап өтіледі

Бішкекте қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді. Салтанатты рәсім Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған онлайн-конференция барысында өтті. Онда Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов сөз сөйлеп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдың мерейтойына орай Қырғызстанда бірнеше шара жоспарланғанын мәлім етті.

Оның айтуынша, 27 мамырда «Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасының құндылығы» атты онлайн конференция өтеді. Оған бірнеше елдің ғалымдары қатысады. Бұған қоса, Қазақстан елшілігі, Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы және Мәдениет министрлігінің қолдауымен Бішкекте Абай орталығы ашылады.  Ал А. Осмонов атындағы Ұлттық кітапханада онлайн кітап көрмесі өтеді.

Айта кетейік, Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған конференцияға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ЮНЕСКО Азия және Тынық мұхиты бөлімінің бастығы Андрей Шевелев, Қырғызстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан, Татарстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысты.

 

Фото: inform.kz