Қазақстанда балалар әдебиетіне сұраныс артып келеді

Қазақстанда балалар әдебиетіне сұраныс артып келеді

Еліміздің баспаханаларында балалар әдебиетінің шығарылымы артып келеді. Кішкентай оқырмандарға арналған шығармалар саны мен таралымы баспа ісі нарығының көп бөлігін қамтып отыр, дейді сала мамандары. Өйткені бұл - заман талабы. Тақырып аясы әрдайым жаңарып тұрады. Өскелең ұрпақ заманауи жаңашылдықтардан қалыс қалмай, бар жақсыны бойларына сіңірулері қажет. Мәселен, жас отандық қаламгер Екатерина Ли –даму қабілеті ерекше балаларға арналған кітаптың авторы.   

«Менің кітабым балалармен қатар, олардың сұрақтарына лайықты әрі дұрыс жауап беруге қиналатын  ата-аналарынада қызқты болады деп ойлаймын. Бүгінде ата-ана баласына саналы тәрбие беруге тырысады. Сондықтан баласымен әлеуметтік маңызды тақырыптар төңірегінде әңгімелесуді қалайтын ата-аналар үшін бұл еңбек жақсы көмекші болады. Мен бұл кітапті сіңлім Элинаға арнап жаздым. Ол кейде қалыптан тыс ой-пікірлер айтып, ерекше сұрақтар қояды. Оның жауаптарын осы еңбегімнен табуға болады», - кітап авторы.

Кітапта Элина мен Лиза есімді кішкентай қыздардың тұрып жатқан қалаларының дамуына қосып жүрген үлестері жөнінде баяндалады. Жас та болса, ой-өрістері кең кейіпкерлер қоғам ненің маңызды екенін жақсы түсінеді. 

Енді бір қазақстандық кітап балаларды достық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіреді. Авторы - Дана Орманбаева.

 «Ең бастысы балаға ұрыспау керек. Баланың ойы далада. Санасы әлі жетіліп келеді. Сондықтан шалыс басқан қадамдарымен қателіктерін әріптес, дос ретінде түзеуге кеңес берген жөн. Өйткені ол өмірден әлі талай сабақ алады. Ұрысып айтқаннан гөрі байыппен мысал келтіре түсіндіргенді жақсырақ ұғады. Оны еркіндікке, таңдаудың бар екеніне, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға дағдылау қажет. Жасаған істеріне жауап беруге үйрету керек», - дейді жазушы.

Отандық баспагерлердің айтуынша, соңғы кездері шытырман оқиғалы фантастикалық әңгімелер мен романдарға деген сұраныс артқан. Негізінен балаларды қазақ халқының дәстүрлері, мәдениеті мен аңыздары, ата-бабаларының тұрмыстық салты, ұлтық болмысы қызықтырады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов