Үкімет азаматтық авиацияны бірқатар салық түрлерінен босатты

Үкімет азаматтық авиацияны бірқатар салық түрлерінен босатты

Еліміздегі әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.Оның айтуынша, азаматтық авиацияны қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау мақсатында ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақытша қосылған құн салығынан босату ұсынылады.

«Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Одан басқа, резидент еместер авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салығын төлемейді», - деді Руслан Дәленов.

 

Фото: 7kun.kz