200-ден астам қазақстандық Санкт-Петербургтен Нұр-Сұлтанға оралды

200-ден астам қазақстандық Санкт-Петербургтен Нұр-Сұлтанға оралды

200-ден астам қазақстандық Санкт-Петербургтен Нұр-Сұлтанға оралды. Ұшақ бүгін таңертең елорда әуежайына қонды. Бұл Бас консулдыққа жүгінген ата-аналардың арқасында мүмкін болды. Рейс Санкт-Петербургте жұмыс істейтін еліміздің азаматтары мен студенттердің арқасында толды. Алайда жолаушылардың 85%-ы жергілікті университеттер мен колледждерде оқитын отандық оқушылардан құралды.

«Біз елге оралам деген жолаушыларды 5 күнде жинадық. Бізге барлығы 100 адам жинау керк еді. Ата-аналар елшімен үнемі байланыста болды. Онымен жеке чат та ашып алды. Елші ұшу туралы барлық ақпаратты ата-аналарға жіберіп отырды», - дейді рейстегі жолаушылардың бірі студент Лаура Оспанова.

Студент қыздың айтуынша, олардың чемодандары мен төлқұжаттарын әуежайда алып кеткен. Кейін барлық жолаушылар Рамада Плаза қонақ үйіне орналастырылған.

«Қазір біз қонақ үйдеміз. Біздің дене температурмызды өлшеді. сонымен қатар мұрын мен тамақтан анализ алынды. Бізді тамақпен де қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар біз жайлы барлық мәліметтерді жазып алуда. Біз қонақ үйден шыға алмаймыз, егер ата-анамыз бір нәрсе әкелсе, дәрігерлер оны алып, бізге береді», - дейді Лаура.

Барлық жолаушылардан сараптама алынған. Олардың қорытынды нәтижесі   9-10 сағаттан кейін дайын болады. Тест нәтижесіне байланысты адамдар не ауруханаға жатқызылады, не үйлеріне жіберіледі.

 

Фото: tengrinews.kz