О. Сүлейменов – 84 жаста. Отандық БАҚ өкілдері осыған орай челлендж ұйымдастырды

О. Сүлейменов – 84 жаста. Отандық БАҚ өкілдері осыған орай челлендж ұйымдастырды

Бүгін — қазақ топырағында туып, адамзаттың ақынына айналған телегей талант иесі Олжас Сүлейменовтің туған күні. Қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер биыл сексеннің төртінші белесін бағындырып отыр.

Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады,  оның шығармасын оқи отыра ақынның жырын ғана емес, бүтін бір ұлттың сан ғасырлық салихалы тарихын аралағандай кейіпте боларыңыз хақ. Осыған байланысты қазақстандық журналистер ақынның мерейтойына орай челлендж ұйымдастырпы отыр. Қаламы ұшқыр журналистер қауымы ақынның өлеңдерін оқып өздерінің әлеуметтік парақшаларында #КоднюрожденияОлжасаСулейменова хэштегімен жариялауда.

 «Мен оның әр шығармасын жан дүниеммен жақсы көремін. Оның өлеңдерімен өстім десем артық айтпаймын. Мен Олжас Омарұлының «Бөлтіріктер» өлеңін оқып,  эстафетаны бастаймын, достарымды, әріптестерімді және барлық қатысқысы келетіндерге қош келдіңіз дегім келеді», - деп жазды продюсер Мөлдір Әбдуәлиева.

Бүгінгі таңда БАҚ өкілдерінің 15 журналисі ақынның топтамасынан сүйікті үзінділерін оқып үлгерді. Барлық монтаждалып жасалған бейнежазбалар туған күн иесіне жіберілді.

Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – «Арғымақтар» 1961 жылы шыққан. Кейінгі жылдары «Адамға табын, Жер, енді» өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының және көптеген, шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. «Жалынның шалқуы» атты өлеңдер жинағы француз тілінде шықты. «Аз и Я», «Язык письма» атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді.

Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қолайсыз маусым», «М.Әуезов туралы сөз», «Үндістан сазы», «Жастық шақ заставасы», тағы басқа фильмдер түсірілген.

1989 жылы Олжас Сүлейменов «Невада–Семей» қозғалысын бастап, ұйымның төрағасы бастады.  Қоғамдық-саяси ұйымның  ядролық жарылысқа қарсы халықаралық бастамасы бір айдың ішінде ғана 4 миллионға тарта адамның қолын жиды. Нәтижесінде 1989 жылы 19 қазанда Семейде ядролық сынақтар тоқтатылды.

Еске салайық, 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілген болатын. Араға тура 42 жыл уақыт өткеннен кейін ғана - 1991 жылы зұлматты сынақтарға нүкте қойған «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Жарлығы шықты.

Олжас Сүлейменов - «Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», І дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендерімен, көптеген отандық және халықаралық медальдармен марапатталған.

Фото: vlast.kz