Батырхан Шүкеновтің құрметіне флешмоб

Батырхан Шүкеновтің құрметіне флешмоб

Бүгін Батырхан Шүкенов ортамызда болса 58 жасқа толар еді. Биыл танымал әншінің мерейтойына орай «Хабар Агенттігі» флешмоб өткізеді. Сазды жиынға аз уақыт қалды. Акцияға қатысу үшін «Хабар» телеарнасын сағат 19:10-да қоссаңыз болғаны. Осы уақытта Батырхан Шүкеновтің 3 бірдей композициясы «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңiл-ай» әндері орындалады. Оған әр қазақстандық қатысып, даңқты әншінің репертуарындағы кез келген әнді орындап, бейнежазбаны singinfamily@khabar.kz поштасына жіберулері керек.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларынан шағын топтан құралған жанкүйерлері тікелей байланысқа шығады деп күтілуде.

«Солнце появится вновь, мир, согревая лучами, нас исцеляет любовь, где бы ни были сами… Бұл Батырхан Шүкеновтың әндерінен үзінді. Бүгін, 18 мамырда ол 58 жасқа толар еді. Осыған орай біз бүгін оның әндерін жүрекпен тыңдап, бейнабаяндарын көріп, сонымен қатар қосылып ән шырқаймыз»,- деді «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.

 

Фото: kazan.aif.ru