Елбасы кітапханасының ІV «Абай оқулары» бастау алды

Елбасы кітапханасының ІV «Абай оқулары» бастау алды

Бұл – дәстүрге айналған жыл сайынғы әдеби эстафета. Сонымен бірге, биыл қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілуде. Тамыздың 20-ына дейін жалғасатын шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету, делінген кітапхананың хабарламасында.

Әдеби марафонға қатысу үшін Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіріп, эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу қажет. Кейін жазбаны әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу керек.

Әдеби эстафета Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтауға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.

 

Фото: presidentlibrary.kz