Ұлық ұлыс – Ұлы дала тарихы: ғалымдар Алтын орданың тарихтағы рөлін талқылады

Ұлық ұлыс – Ұлы дала тарихы: ғалымдар Алтын орданың тарихтағы рөлін талқылады

Алтын орданың 750 жылдығына арналған «Ұлық ұлыс – Ұлы дала тарихы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы ұйымдастырған шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Армения және басқа да мемлекеттердің ғалымдары, зерттеушілері, сарапшылары қатысты.

«Бұл конференцияға мыңнан астам қазақстандық тарихшылар қатысып отыр. Ұлық ұлыстың рөлін объективті және ғылыми түрде қозғау туралы тақырып Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерінде де қозғалған. Бұл туралы оның «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», сондай-ақ «Ұлы даланың жеті қыры» еңбектерінде жазылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлем тарихындағы Ұлық ұлыстың рөліне ерекше көңіл аударды. Ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының кесенесі Қазақстан аумағында екенін бәрі білмейтінін айтқан. Ұлық Ұлыстың мемлекеттік тілі қыпшақ тілі болған. Татар, ноғай, қарақалпақ тілі қыпшақ тіліне өте ұқсайды», - дейді Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған.

Ғалымдардың айтуларынша, Алтын орда XIII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. Бүгінде оның тарихтағы ролін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысып жатыр.

 

Фото: kazguiu.kz​