Еуропалық Комиссия туризмге қатысты ұсыныстар жасады

Еуропалық Комиссия туризмге қатысты ұсыныстар жасады

Еуропалық Комиссия Еуропада алдағы жазғы маусымның туристік секторына арналған ұсыныстар тізімін жасады. Олар билікті ЕО ішінде туристерді қабылдау үшін қажетті санитарлық шаралармен қамтамасыз етуге шақырады.

Әсіресе ұшақтарда, пойыздарда, мейрамханаларда және жағажайларда қашықтықты сақтау керек. Мүмкіндігінше, санитарлық тазартқышы бар диспенсерлер орнатылуы керек. Қызмет көрсететін адамдар қорғаныс құралдарымен, әсіресе маскалармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалпы, шенеуніктер ЕО аясында шекараны тезірек ашып, елдер арасындағы сапарларды қайта жандандыруды бастауға шақырды. Айта кетейік, пандемия басталғанға дейін ЕО елдері жаз айларында халықаралық туризмнен 150 миллиард еуро кіріс кіріп отырған.

 

Фото: 24.kz​