Еліміздің туристік нысандары жаңа маусымға қызу қамданып жатыр

Еліміздің туристік нысандары жаңа маусымға қызу қамданып жатыр

Табиғаты көркем өңірлерде орналасқан отандық демалыс орындары жаппай абаттандыру шараларын пысықтап, жаңа маусымда қонақтарын қабылдауға барынша қамданып жатыр. 18 мамырдан қазақстандық шипажайлар мен сауықтыру орындарының есігі ашылады. 

Еліміздің туристік саласына әлемді жайлаған қатерлі індет кері әсерін тигізбейді дейді мамандар. Керісінше, биылғы маусымда келушілер саны артып, ішкі туризм қарқын алады деген болжам бар. Сондықтан салаға инвестиция салып, жаңа демалыс орындарын ашып жатқан кәсіпкерлер де аз емес. Тек осы жазда ғана Шығыс Қазақстан облысында 22 жаңа нысан ашылады деп күтілуде. Бұдан бөлек өңірде 3 үлкен инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, 3 мың адамға арналған аспан астындағы ашық сахна, 4 жұлдызды қонақ үй және тағы бір сауықтыру орны салынуда. Жергілікті билік өкілдері де ішкі туризмді дамыту үшін өзен-көлдердің жағалауына жақсы жол салып, су құбырларын және интернет желісін тартып, саяхатшыларға жайлы жағдай жасауға ұмтылуда.

«Биыл Шығыс Қазақстанға 300 тарта турист келеді деп күтілуде. Саяхатшылардың ағыны артады. Сауықтыру орындары барлық бекітілген санитарлық талаптарды қатаң ескереді. Енді Шығыс Қазақстан облысы бір күнде 34 мың адамды қабылдай алады. Республика бойынша бір күндегі сыйымдылық бойынша көшбасшы болып саналады. Ал жекелеп айтқанда, Алакөл 12 мың адамды, Бұқтырмадағы демалыс орындары 10 мыңға жуық адамды бір күнде қабылдай алады», дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Каспий теңізі жаңалауындада абаттандыру жұмыстары қыза түскен. Келер айда Ақтауда бір мезгілде мың адамды қабылдай алатын ірі туристік кешен ашылады. Мұнда наурыз айынан қара күзге дейін Каспий суына түсіп, құмына қыздырынуға болады. Демалыс аймағындағы аквапарк пен ашық бассейндерге құйылатын теңіз суы арнайы құрылғының көмегімен жылынады. Бұл жерде теңіз суы 27 градусқа дейін жылытылады. Жылы жағажайға демалу үшін жыл сайын 200 мың саяхаттаушы келеді. Жаңа туристік кешен іске қосылған соң оның саны бір жарым есеге артады деп күтілуде.

Сала мамандарының айтуынша, Балқаш көлі мен Бурабай шипажайында да демалуға ниетті қазақстандықтардың қатары басым. Сұранысты қанағаттандыру үшін аталмыш курорттық аймақтарда инфроқұрылым жақсартылып жатыр дейді мамандар.

«Біз әдеттегідей демалыс күндеріне арналған қысқа мерзімді турларға сұраныс артатынын жақсы білеміз. Шектеулер алынысымен қонақтарымызды қабылдауға сақадай сай н отырмыз. Олардың демалысы тиімді өтуі үшін барлық жағдайлар қарастырылған», - дейді Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Айта кетейік, былтыр 6,6 милиион қазақстандық жергілікті курорттарда демалған. Үздік бестіктің көшін Алматы қаласы бастады. Екінші орын Алматы облысының еншісінде. Үздік үштікті Нұр-Сқлтан қаласы тұйықтайды. Бұл тізімде Шығыс Қазақстан мен Ақмола өңірлеріде бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: yk-news.kz