Қазақстанда мектеппен қоштасу кеші болмайды

Қазақстанда мектеппен қоштасу кеші болмайды

Он бір жыл бойы оқыған мектеп бітірушілерге алтын ұямен қоштасу кеші - үлкен өмірге қадам басуға жолдама сыйлайтындай көрінеді. Мектеппен қоштасу әрқашан салтанатты түрде өтетін. Болашақ студенттер кешке арнап арнайы киімдер тіккізіп, шаш үлгілерін қарастырады,қоштасу вальсін үйренеді. Десе де биылғы түлектер үшін қоштасу кеші өзгеше болмақ. БҒМ хабарлағандай, аттестаттарды тапсыру бұл жолы соңғы қоңыраумен қатар - 3 және 4 маусымда өтеді. Белгілі болғандай, мектеппен қоштасу кешін ұйымдастыруға мүлдем тыйым салынды.

«Қорытынды аттестаттау емтихандары биыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде өткізілмейтіндігін ескере отырып, бұл шараны маусымның басында өткізу туралы шешім қабылданды. Мереке аясында аттестаттар салтанатты түрде табыс етіліп, соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп алаңында, ашық аспан астында, тек қана түлектердің қатысуымен және санитарлық нормаларға сай келетін қонақтарды шақырусыз өтеді», - деп түсіндірді елордалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыкқызы.

Мектеп директорлары министрліктің ұсынысын қолдап, түлектерге биылғы жылы дәстүрлі кештің болмайтынын хабарлаған.

«Биылғы оқу жылында біз 44 мектеп бітірушіні шығарып салғалы отырмыз. Соңғы қоңырау барысында оқушыларға арнайы мерекелік шара ұйымдастырылады, сонымен қатар мектеп өміріне белсенді қатысқандар марапатталып, соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара мектеп ауласында, ашық аспан астында, қонақтарсыз, тек түлектердің қатысуымен және санитарлық нормаларға сәйкес өтеді. Рәсім түлектердің естелік суреттерімен және мектеп ауласына ағаш отырғызумен аяқталады», - деді Нұр-Сұлтан № 57 орта мектебінің директоры Меруерт Әбуова.

Десе де түлектер әлі де үміттерін үзбеуде. Олардың айтуынша, шараны шілде айында карантин алынып тасталған кезде атап өтуге болады. Олардың көпшілігі тіпті салондарда арнайы тігілген көйлектерге тапсырыс берді. Дизайнер Анастасия Романова түлектердің талғамын түсіндіріп берді.

«Қазір түлектер екі санатқа бөлінеді, кейбіреулері қарапайым және қысқа, нәзік реңктердің минималистік модельдерін таңдаса, басқалары жылтыраған, көптеген сәндік элементттері бар көйлектерді таңдайды»,- дейді Анастасия.

11-сынып оқушыларының айтуынша, бұл олардың өміріндегі маңызды күндердің бірі. Сондықтан мектеп оқушылары карантин аяқталғаннан кейін білім беру мекемелері тиісті мереке өткізеді деп үміттенеді.

«Алайда, егер қоштасу кеші болмаса да, гардеробта тағы бір көйлектің болуы артықшылық етпейді», - дейді түлектер.

 

Фото: alau.kz