Ғарыш тақырыбына арналған халықаралық байқау жарияланды

Ғарыш тақырыбына арналған халықаралық байқау жарияланды

Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдаланып, адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Осы тақырып аясында ой өрбітіп, бастамасын жүзеге асырғысы келетін жастардың құлағына алтын сырға. БҰҰ байқау жариялады.

Басты талап «Ғарыш - климаттық мәселерді шешу жолындағы тиімді құралдардың бірі» тақырыбында эссе жазу. Шығармашылық жұмыста тақырып бойынша жергілікті ортада қолданылатын нақты мысалдар келтіріп,  бастамалардың қоршаған ортаға тигізген оң ықпалымен бөлісу қажет.

Мақсат - жұлдыздар әлемін зерттеу, ғарыш саясаты, қолданбалы ғарыштық технологиялар және осы бағыттағы халықаралық әріптестіктің климаттық өзгерістерге әсері жөнінде белсенді жастардың ойларын тыңдау. Байқауға БҰҰ мүше елдер тегіс қатыса алады.

Дайын жұмыстарды UNOOSA «Space4Youth» веб-парақшасына жүктеу қажет. Өтінімдер маусым айының 3 дейін қабылданады. Жеңімпаздар «Ғарыштық ұрпақ-2020 Конгрессіне» қатысу жолдамасын ұтып алады. Айта кетейік, биыл  жаһандық пандемияға байланысты Конгресс онлайн режимінде өтпек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: vienna.usmission.gov