Қазақстанда жаңа «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда жаңа «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда жаңа «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді. Белгілі болғандай халық «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы ипотека алуға өтініш бере алады. Банк Басқармасының Төрағасы Ләззат Ибрагимова бағдарламаға кімдер қатыса алатындығына түсініктеме берді.

«Пилоттық жобаның қатысушылары, оны «Арман» деп атайық, әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар бола алады. ҚР ИИДМ мәлімдеуінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша бізде 540 мыңнан астам адам бар кезекте тұр», - деп жазды Ләззат Ибрагимова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқарма Төрағасы несиенің ең жоғары мөлшері Қазақстан аймақтарына байланысты болатынын атап өтті:

- Нұр-Сұлтан, Алматы және олардың қала маңындағы аудандары үшін 18 миллион теңгеден көп емес ,

- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды ​​облыстары үшін 15 миллион теңгеден көп емес,

- басқа аймақтар үшін 12 млн. теңгеден аспайды.

Ләззат Ибрагимова осы мақсаттарға бөлінген 390 миллиард теңгенің 180 миллиарды несиелік тұрғын үй құрылысына бөлінгенін де атап өтті.

«Бірақ бұл тұрғын үй жылдың аяғында ғана қол жетімді болады. Әзірге біз әкімдіктер мен жеке құрылыс компанияларынан несиелік тұрғын үй беруге дайынбыз, өйткені «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 210 млрд теңгені кезекте тұрған адамдарға несие ретінде беруді немесе мақұлдауды жоспарлап отыр», - деді Ләззат Ибрагимова.

Өз кезегінде сарапшылар жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін бастапқы баспана бағасының көтерілуі туралы пікірлері екіге бөлінді. Мысалы, Біріккен Қазақстан риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко бұл бағдарламаның іске қосылуы жылжымайтын мүліктің құнына әсер етпейді деп санайды.

 «5-10-20 бағдарламасы - бұл 7-20-25 бағдарламасына ұқсас жаңа жоба. Сонымен қатар 7-20-25 бағдарламасының кейбір ережелері мен талаптарын қайталаулары да мүмкін. Бұл жылжымайтын мүлік алуға мүмкіндіктері шектеулі халықтың көптеген топтарына қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Бірақ мен халыққа бұл жоба іске қосылған кезде тұрғын үйге сұраныстың артуына байланысты баға да шарықтап кетуі әбден мүмкін деп ойлаудан аулақ болуға кеңес беремін. Тек сұраныс пен тапшылық ғана бағаны көтере алады. Мен бұл бағдарлама жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаны көтеруге ықпал етеді деп ойламаймын», - деді Біріккен Қазақстан риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.

Алайда, бағаны өсірмей ұстап тұру қиынға соғады дейді, құрылысшылар одағының мүшесі Серікжан Мергенбаев

«Өзіндік құны өсті. Өйткені материалдардың бағасы шарықтап барады. Наурыз айында  отандық материалдардың құны 20 пайызға артты. Құрылысқа қажетті шетелдік түрлерінің қаншаға өскенін айтпасақ та болады. Қазір отандық құрылысшылардың алдындағы басты мәселе бағаны өсірмей ұстап тұру. Осының қамында жеткізушілермен келісімдер қайта қаралып жатыр. Келіссөздердің мақсаты бағаны көтермеу. Сондай-ақ, шығындар көлемі оңтайландырылып жатыр. Біз көбіне ішкі ресурсты пайдалануға тырысамыз», - дейді  Серікжан Мергенбаев.

Құрылысшылар одағының мүшесі жаңа бағдарлама дер кезінде құрылғанын айтады.

«Осы арқылы экономикалық әлеуметтік мәселелер шешіледі. Мөлшерлеме төмендетілсе онда сұраныс артатын болады. Есесіне құрылыс қарқыны да өседі. Пандемия кезінде сұраныс күрт түсіп қалды. Осы уақыт аралығында бірде-бір үйдің іргесі қаланған жоқ. Сондықтан халықты ынталандыратын бағдарлама қажет болды. Біз бұл шешімді қуана қабылдадық», дейді Серікжан Мергенбаев.

Мемлекет басшысы үстіміздегі жыл  құрылыстың рекордтық көрсеткіші жоспарланғаны жөнінде  айтқанын еске сала кетейік. Биыл ел аумағында 15 миллион шаршы метр баспана салынады. Бұл шамамен 150 мың пәтер мен үй қолданысқа беріледі деген сөз.

 

Фото: liter.kz