Мақтаралдықтар тасқын кезінде жоғалтқан құжаттарын қайта қалпына келтіруде

Мақтаралдықтар тасқын кезінде жоғалтқан құжаттарын қайта қалпына келтіруде

Түркістан облысының полиция қызметкерлері мақтаралдықтарға тасқын кезінде жоғалтқан құжаттарын қайта қалпына келтіруге көмектесуде.

Осы мақсатта Мактарал аудандық көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті мектептердің бірінде 500-ден астам эвакуацияланған тұрғындарды аралап шықты. Тексеріс барысында, құжаттардың, соның ішінде жеке куәліктері мен үй құжаттары жоғалуының бірнеше фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің мамандары Мақтарал тұрғындары жайлы мәліметтер жинап, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру туралы ұсыныс тиісті органдарға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстандағы су қоймасында болған апаттың себебінен су тасқыны жүріп, салдарынан Мақтарал ауданының бірнеше ауылдары зардап шеккен еді. Түркістан облысы полиция қызметкерлері және құтқарушылар бірігіп,  су басқан аумақтың тұрғындары мен малдарды  қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Қазіргі уақытта төтенше жағдай орнында апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

​Фото: 24.kz​