Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі күрт жоғарылайды

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі күрт жоғарылайды

ХХІ ғасырда мұхит деңгейінің көтерілу қарқыны күрт жоғарылай бастайды. Мұндай тұжырымды Сингапурдағы Nanyang технологиялық университетінің зерттеушілері бастаған халықаралық ғалымдар тобы айтып отыр. Олардың талдау нәтижелері Climate and Atmospheric Science журналында жарияланды.

Зерттеушілердің өтініші бойынша мұхит деңгейінің көтерілуін жүзден астам жетекші ғылыми басылымдардың авторлары бағалады.

Сонымен қатар тақырып бойынша мыңнан астам мақала талқыға түсті. Ғалымдардың пікірінше, XX ғасыр соңына дейін мұхит деңгейі 1,3 метрге дейін көтеріледі. Егер мұхит деңгейі осы қарқында жоғарылайтын болса, 200 жылдан кейін алғашқы көрсеткіштен 5,6 метр биіктікте орналасатын болады.

Ғалымдардың айтуынша, Арктика мен Гренландиядағы мұздықтардың еруі нәтижесінде мұхиттардың деңгейі айтарлықтай артады. Бұл процесті баяулату парниктік газдар шығарындыларын азайту арқылы ғана мүмкін.

 

Фото: ria.ru