Күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады

Күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады. Бүгіннен бастап күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Таңғы сағат 08:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен танымал спортшы, бапкерлердің қатысуымен таңғы жаттығу өтеді.

«Ертегілер əлемінде» атты бағдарлама сағат 12:00 мен 20:30-да Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан эфирге шығады.

Сағат 14:00-де #óneronline #оnlinedabol хэштегімен мəдениет, өнер тақырыбында онлайн-дəрістер өтеді. Бұл шеберлік-дәрісін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасынан көрсетіледі.

Ал сағат 18:00-де Қазақстанның маңдай алды балет ұжымдары озық қойылымдарын Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасында тарту етеді.

20:00-де Мəдениет жəне спорт министрлігінің алтын қорындағы концерті мен опера майталмандарының өнерін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан тамашалауға болады.