ҚР ҰЭМ: жеке кіріс салығының прогрессивті шкаласы ашық талқыланады

ҚР ҰЭМ: жеке кіріс салығының прогрессивті шкаласы ашық талқыланады

Жеке кіріс салығының прогрессивті шкаласын енгізу және оның көлемі ашық талқыланатын болады. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлім етті.

«Ұлттық экономика министрлігінде аталған мәселені пысықтау бойынша жұмыс тобы құрылуда. Оның құрамына Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП мен салалық министрлік өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар енді ғана басталып жатқанын ескере отырып, табыстар шкаласы мөлшері мен ставкалар әзірленген жоқ», - деп мәлім етті ол.

Мәди Такиев шкаланың енгізілуі ұлғаюмен қатар, регрессияны да қарастыратынын айтты. «Кірісі төмен болса, төленетін салық ЖТС-дан төмен болады, бұл көлеңкедегі жалақы төлеуді ашық етуге жағдай жасайды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, табыс салығы – аса маңызды салық түрі, ол жергілікті бюджеттің 34% құрайды, ал республикалық бюджеттегі үлесі – 9% шамасында.

Вице-министр Қазақстанда 2007 жылға дейін салық салудың прогрессивті шкаласы қолданылғанын жеткізді. Ал 2007 жылдан бері «көлденең» жүйесі пайдаланылады. Оны бүгінде әлемнің 29 мемлекеті қолданып отыр, қалғандары, соның ішінде, ЭЫДҰ елдері прогрессивті шкаланы пайдаланады. Прогрессивті шкаланың мәні жалақысы жоғары жұмыскерлердің ел дамуына елеулі үлес қосатынында, деді Мәди Такиев.

 

Фото: kaztag.kz​