Қытайлықтардың экстремалды спортқа әуестігі артқан

Қытайлықтардың экстремалды спортқа әуестігі артқан

COVID-19 инфекциясының алғашқы ошағы тіркелген Қытай аумағында қатерлі дерттің қаупі сейіліп барады. Ұзақ уақыт бойы төрт қабырғаға қамалуға мәжбүр болған адамдар далаға серунге шығып, тіпті ел ішінде саяхаттай бастады.  Ішкі туризм жанданып, аспан асты еліндегі көрнекі демалыс орындарының 70 пайзы ашылды. Қазір мұндағы саябақтар, мұражайлар, мейрамханалар мен сауда орталықтары қонақтан қабылдауға кіріскен.

Сондай-ақ тұрғындардың экстремалды туристік бағыттарға қызығушылықтары артқаны байқалады. Мамандар бұны қоғалыстары шектелген азаматтардың бойында күш-қуаттың жиналуымен байлансытырады.

Мәселен, мына бір ұшу алаңына деген қызығушылық күрт артқан.

Ол теңіз деңгейінен бір мың метрден астам биіктікте орналасқан. Сайдайверлер жарты шақырымдық қашықтықты әуеде қалықтап жерге қонады.

 «Ерекше сезім. Бұл менің алғашқы ұшуым. Мүлдем қобалжу сезімі болған жоқ. Мен аспанда құстай қалықтауды армандайтынмын. Сезімімді сөзбен жеткізу қиын», - дейді турист Фэн Сюэ.

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында жайғасқан аэрадромда туристерге түрлі әуе нысандары арқылы ұшу мүмкіндігі жасалған.

«Маған қатты ұнады. Өте әсерлі. Аспаннан бәрі өзгеше көрінеді екен. Жердің беткі қабаты төртбұрыштарға бөлінген екен. Бұрындары ондайды көргенім жоқ. Бұндай ұмытылмас сезімге қайта бөленгім келеді», - дейді турист Ян Шаохуэй.

Сондай-ақ, отбасылық туристік бағыттар саны артып келеді. Әсіресе, Сычуань провинциясындағы таулардың бөктерінде саяхат жасауға ниетті адамдардың қатары басым. Шуақты күндері қысқы спорт түрлерімен әуестенетін туристер ағыны тыйылар емес дейді, мамандар.

«Мен мұнда жолдастарыммен келдім. Табиғаты өте көркем. Жан дүнием рахат тапқандай болды».

«Мен қызымды бірге ертіп келдім. Жақында мектепке қайта барады. Оқу алдында таза ауада серуендеп біраз серігіп қалсын деген мақсатта келдік».

Дейтұра, шектеу шаралары толықтай күшін жойған жоқ. Туристік нысандар күнделікті сұраныстың тек 30 пайызын  қанағаттандыра алады. Бұл арақашықты сақтау талабы – ең алдымен, қауіпсіздік қамы, дейді мамандар.

 

Фото: tourister.ru