«Соңғы қоңырау» шарасы ашық аспан астында өтеді

«Соңғы қоңырау» шарасы ашық аспан астында өтеді

Қазақстан мектептерінде «Соңғы қоңырау» шарасы онлайн емес, ашық аспан астында өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді.

«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады»  - деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.

Бұдан бөлек, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық қауіпсіздік талаптары сақталуы шарт.

«Қазіргі кезде ірі сауда орталықтарына қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Әзірше, ондай нысандар ашылмайды. Бұл мәселе әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады. Көпшілік шараларға тыйым салынған», – деп атап көрсетті Ералы Тоғжанов.

 

Фото: egemen.kz