Қазақстанда ТЖ режимі аяқталды, бірақ карантин сақталады

Қазақстанда ТЖ режимі аяқталды, бірақ карантин сақталады

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі мамырдың 11-і, 00 сағат 00 минутта аяқталды.

Бүгін, 11 мамырда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Президент коронавируспен күрес шараларын бағалап, Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы уақытқа іс-қимылдарының стратегиясын айқындайды.

ТЖ режимінің аяқталғанына қарамастан, қалалар мен өңірлерде карантин 11 мамырдан кейін де жалғасады. Осылайша, еліміздің қалалары мен аймақтарында карантин тәртібі сақталады.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы Төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

 

Фото: otyrar.kz