Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты

Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты

Төтенше жағдай Ұлттық мұраны жаңғыртуға тұсау емес. «Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты». Қазақстанда осындай атаумен республикалық ғылыми онлайн конференция өтті. Электронды тұғырнама арқылы байланысқа шыққан зиялы қауым, қоғамдық және мемлекеттік органдардың өкілдері мен жастар қаламгердің  өнегелі  өмірі мен танымдық  шығармашылығы жөніде пікір алмасты. Сондай-ақ, жазушының қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны мен оның зерттеулеріндегі Абай, Шәкәрім мұрасы, шығармашылық зертханасына қатысты мәселелер көтерілді.

Конференцияның мақсаты – қазақ әдебиетіндегі барлық жанрда қалам тербеген академик, қайраткер, жазушының атқарған қоғамдық қызметі мен әдеби мұрасын насихаттау және әдебиет зерттеулеріндегі еңбектерін жас ұрпақтың жадында сақтау үшін рухани асыл мұрасын дәріптеу.

Сәбит Мұқановтың 120 жылдық мерейтойына орайластырылған онлайн конференцияғы ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырды.