«Панфиловшылар: Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабы жарық көрді

«Панфиловшылар: Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» кітабы жарық көрді

Басылымға Панфилов дивизиясының полктері мен әскери бөлімдері туралы бұрын белгісіз болған деректер, өмірбаяндық фактілер енген. Бұл үшін белгілі тарихшы Лайла Ахметова ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында,  РФ Қорғаныс Министрлігінің Подольск мұрағатында, 1942-1946 жылдардағы отызға жуық сұхбат сақталған Ресей ғылым академиясының орыс тарихы институтының ғылыми мұрағатында, Қырғызстанның Орталық мемлекеттік мұрағатында егжей-тегжейлі зерттеулер мен ізденістер жасаған.

Автор, тарих ғылымдарының докторы Лайла Ахметованың айтуынша, кітаптың бірінші ғылыми бөлімінде тек құжаттар жинақталған: мұнда дивизия мен оның полктарының сұрапыл шайқастар күндері туралы әңгімелер жинақталған. Бұл оқиғалар кітаптың үштен бір бөлігін алды. Келесі тарауларда сарбаздар мен дивизия командирлерінің тағдырлары суреттелген. Бөлімде 1941 жылдың 18-19 тамызында Алматыдан  майданға аттанған бөлімнің алғашқы құрамына баса назар аударылды.

Еңбектің жарық көруіне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Еуразия Телерадио академиясы атсалысты.

«Бұл кездесу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жылында өте өзекті және отандастарымыздың ерлігі үлгісінде жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие беру қажеттілігімен тығыз байланысты. Біз мұндай еңбектер өткен ғасыр оқиғасын есте сақтап, халқымыздың ұлттық болмысында орын таба алады деп санаймыз», деп мәлім етті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Жаңа кітаптың тұсаукесері халықаралық сипатта және онлай-форматта өтті. Іс-шараға ғалымдар, жазушылар, журналистер, панфиловшы батырлардың туыстары, елшілік өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстан елдерінің іздеушілері қатысты.

Сонымен бірге Қазақстанның, Ресей мен Қырғызстанның 10 қаласында тың басылымның тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр.

 

Фото: fpp.kz