9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

Бүгін Ұлы Жеңіске 75 жыл болды. 1945 жылы мамыр айының 8 нен 9 қараған түні жау толықтай күйреп, фашистік Германия сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қояды.  Бұл тарихи құжат сұрапыл соғысқа соңғы нүкте қойды. Биыл қасиетті мейрам төтенше жағдайға байланысты жылдағыдай атап өтілмейді. Дәстүрлі әскери шеру, батыр жауынгерлердің рухына тағзым етіп, мәңгілік алау мен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою сынды түрлі салтанатты рәсімдер болмайды. Ұлықтау шараларының бірқатары кейінге шегерілді. Бұл күні карантинде отырған қазақстандықтар майдангерлерге деген құрметін түрлі әлеуметтік желілер арқылы білдіріп жатыр.

ҰОС алғашқы күндерінен-ақ халық ортақ жауға қарсы бірігіп, ұрыспай берілмейтінін танытты. Тарихшылардың мәліметіне сүйенсек майданға 34,5 миллионға тарта адам аттанған. Олардың 1 млн 200 мыңы қазақстандық жауынгерлер. Жерлестеріміздің  тең жартысы кескілескен шайқастарда отан үшін жер құшып, үйлеріне оралмады.

Елімізде 50 тарта әскери полк пен батальон құрылды. Олардың құрамындағы қазақстандық жауынгерлер Ленинградты, Сталинградты, Мәскеуді қорғап, Балтық бойындағы республикаларды, Беларусь пен Украина, Шығыс Еуропа елдерін  жаудан азат етуге қатысты. Қарсы келген дұшпанға тойтарыс беріп, табандылық пен ерлік танытқан қайсар отандастарымыздың қаһармандық істері ескерусіз қалмады.

ГРАФИКА:

Кеңес Одағының Батырлары – 500

Даңқ орденінің толық кавалерлері - 100

Екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары – 4

Түрлі себептермен соғыста көрсеткен ерен ерлігі еленбей қалған қазақстандық майдангерлер де бар. Тарихшылардың дерегіне сүйенсек, түрлі әскери шен мен қызметте болған 133 жауынгер тиісті марапаттарын әлі алмаған.   Олардың есімдері арнайы жинаққа енгізілді.

 

Фото: sputniknews.kz