Жеңіске 75 жыл: «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесі ашылды

Жеңіске 75 жыл: «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесі ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұсынған көрме материалдары Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқасының тарихымен таныстырады.

Бірегей архив құжаттары Волгоградтағы «Сталинград шайқасы» музей-қорығының қорынан алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бабаларымыздың, аталарымыздың, әкелеріміздің батырлығы, қайсарлығы ұрпақтардың жадында сақталуы аса маңызды.

«Ұлы шайқастағы Жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сталинград шайқасында Отан үшін күрескен 500 мыңға жуық ержүрек жауынгер  қаза тапты. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы халқының өкілдері, соның ішінде қазақстандықтар да болды», - дейді Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілдері.

Виртуалды көрме материалдарымен  presidentlibrary.kz/ru сайтынан таныса аласыз.

 

Фото: inform.kz​