Елорда филармониясы 7 мамырда «Ер – елінің қорғаны» концертін береді

Елорда филармониясы 7 мамырда «Ер – елінің қорғаны» концертін береді

Мереке күні артистер көрермендерді онлайн режимдегі концертпен қуантпақ. Өнерсүйер қауым Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің, Үрмелі аспаптар оркестрінің, «Сары-Арқа» фольклорлық ансамблінің, Симфониялық оркестр артистерінің, халық, эстрадалық және академиялық орындаушылардың, «Alem» эстрадалық би ансамблінің өнерін тамашалай алады.

«Бұл күні біз еліміздің жаудан қорғаған ата-бабаларымызға, қазір ел шебінде әскери борышын өтеп жүрген азаматтарға құрметімізді білдіргіміз келді. Сондай-ақ ел қорғаны болатын жастарға да ерекше назар аударғымыз келеді», делінген филармонияның хабарламасында.

Концерттің трансляциясы 7 мамыр күні сағат 18:00-де әлеуметтік желілерде өтеді: Instagram @astana_filarmoniya, Facebook, YouTube-канал : Нұр-Сұлтан қ. филармониясы #NS-Music.

 

​Фото: youtube.com​