Бір айда 150-ден астам адам психологиялық қолдау сайтының көмегіне жүгінді

Бір айда 150-ден астам адам психологиялық қолдау сайтының көмегіне жүгінді

Қазақстанда бір айдан бері психологиялық көмек көрсету сайты COVID-19-ға қарсы күрес аясында жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында сайтқа еліміздің әртүрлі аймақтарынан 30 мыңнан астам адам кірген.  Мамандар 152 жеке онлайн-кеңес өткізді.

«Бір-екі апта бұрын мен сайтқа өтініш жібердім, орталықтың психологы менімен байланысқа шықты. Бұрын мен психологтардың жұмысына күмәнданған болсам да, көмек сұрауға шешім қабылдағаныма өте қуаныштымын. Мен өзімді әлдеқайда жақсы сезініп, психологтың кеңестерін қолдана беруді жоспарлап отырмын. Сондай-ақ маған онлайн кеңестердің ақысыз екендігі ұнады», - дейді өзін-өзі оқшаулау кезінде ішкі жан күйзелісіне ұшырап сайттың көмегіне жүгінген елордалық жас ана.

Өкінішке орай, кейбір адамдар үшін шектеулі кеңістікте болу қиынға соғуда. Аталмыш  сайттың жұмыс бастауына да түрткі болған жайт осы. Онда азаматтар карантин кезінде өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап іздеп, кәсіби мамандардың тегін онлайн-кеңесі беріледі. Ол үшін тек сайтқа тіркеліп, алаңдаған мәселесі бойынша сауал жіберу қажет.

«Сайтта адамдар мамандардың кеңестерін оқи алады, психологтарға сұрақтарын жаза алады, сонымен қатар онлайн-кеңестер ала алады. Негізінен, қазақстандықтар ұйқысыздық, жалғыздықтан қорқу, болашаққа алаңдау сияқты мәселелерге қатысты алаңдайды. Әр адамда оқшаулану кезінде виртуалды болса да психологиялық кеңес алуға мүмкіндік бар», - дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай.

Бұл жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, үкіметтік емес секторларда еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жасайтын 70-тен астам маман қатысады. Онда короновирустық инфекцияның жергілікті жағдайда бейімделуімен таралуы кезіндегі психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталған.

«Коронавирустық пандемия кезінде, әсіресе қалыпты қолдау механизмдері өзгерген кезде, балаларда қосымша алаңдаушылық пен стресс тууы мүмкін. Барлық жастағы балалар бұл эмоциялармен әр түрлі жолдармен күреседі, және олар көбінесе ересек адамдардың эмоцияларына бағынышты болады. Сондықтан бұл сайттың жұмысы ересектер үшін де, балалар үшін де өте маңызды», - деп атап өтті еліміздегі ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен. 

Жақында сайтта жаңа парақша  пайда болғанын атап өту керек. Онда орта білім беретін мұғалім-психологтарға қатерлі инфекцияның таралуын болдырмау кезінде психологиялық қолдау ұйымдастыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілген. Бұл парақшада балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру кезінде туындаған қиын жағдайларда көмектесетін тәжірибелі кеңесшілермен хабарласу мүмкіндігі жасалған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: info-profi.net