Қазақстанда 255 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Қазақстанда 255 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Қазақстанда алдағы уақытта 255 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы елдегі жұмыссыздықты жою мәселесі қаралған Үкіметтің селекторлық отырысында белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілмек. Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн 220 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарланып отыр.

«Қазіргі кезде Үкіметтің басты мақсаты халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау болып саналады. «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында 6,5 мыңнан аса инфрақұрылымдық жоба көзделген. Олар әлеуметтік нысандарда инженерлік-көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық нысандарын жөндеу мен салуға, елді мекендерді абаттандыруға, суару және иррегациялық жүйелерге қатысты. Осының арқасында 255 мың жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасын қалпына келтіруде жақсы нәтиже береді» - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Әкімдіктер айдың соңына дейін конкурстық рәсімдерді аяқтасын және инфрақұрылымдық жобаларды толық іске асыруды бастасын. Жобаларда пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің негізгі көлемі отандық болуы қажет. Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс»,- деді Үкімет басшысы.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: eurasianeconomic.org