Нұр-Сұлтанда коронавирусқа ақылы тест жасату құны төмендеді

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа ақылы тест жасату құны төмендеді

Елордада ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыруға болатын желі кеңейтілді. Талдау құны 10 мың теңгені құрайды, бұл жеке клиникалардағы бағадан екі есе төмен, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасатуға болатын орындар.:

- Ұлттық ғылыми медициналық орталық

- Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиясы 

- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалында тест құны 11 мың 500 теңге

Талдаулар алдын-ала жазылу бойынша жүргізіледі.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қалыптасқан жағдайға әлеуметтік жауапкершілік таныту қажеттігін атап өтті. Әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар COVID-19 инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестті (полимеразды тізбекті реакция) өткендігі туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті. COVID-2019 жұқпасының терістігі туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады.

Қойылған талаптар: санитарлық талаптарды қатаң сақтау, жолаушылардың саны аз болу қажет, ара қашықтықты сақтау маңызды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: ru.sputniknews.kz​