«Kazakh TV» арнасы «Our common victory» тележобасының 3 бөлімін ұсынады

«Kazakh TV» арнасы «Our common victory» тележобасының 3 бөлімін ұсынады

«Kazakh TV» арнасында «Our common victory» тележобасының кезекті бөлімі көрермендерге жол тартты. Оқиғалардың желісін II Дүниежүзілік соғысқа қатысушы ардагерлер өздері баяндайды. Бұл – ерте жастан балалық шағынан айырылу, тағдырдың талқысында кете барғандар мен тылдағы және ұрыс даласындағы ерліктер туралы әңгіме.

3-бөлімде дәрігерлердің сарбаздардың өмірі үшін қалай күрескені және «бәрі де Жеңіс үшін» деп қан майданға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қару жіберіп, үздіксіз жұмыс істеген тыл еңбеккерлері жайында баяндалады.

Сол сұрапыл соғыс жылдары ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығында рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген қазақстандықтар мен қасық қаны қалғанша отанын қорғаған жаралы боздақтардың өмірі үшін күрескен медбикелердің естеліктері бүгін 16:50 «Kazakh TV» арнасында. Өткізіп алмаңыздар.

 

Фото: otyrar.kz