Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысы жанданады?

Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысы жанданады?

Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Қалалар мен облыстарда бірқатар кәсіпорындардың жұмысы жанданады. Сонымен, аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендер, фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараз және медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар мен шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компанияларының жұмысы жанданады. Барлығының жұмыс уақыты сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін.

Оқшаулау режимін жеңілдетудің нәтижесінде бүгін елордада 60 мыңға жуық адам жұмыстарына кірісті. Бас қалада киім-кешек, аяқ киім, гүл павильондарының жұмысы жанадана бастады.

Жалпы, штабта хабарланғандай, жеке ғимараттарда орналасқан немесе жеке кіреберісі бар шағын және орта бизнес субъектілері ғана жұмысқа кірісе алады. Бірақ сауда үйлерінде кеңселерді жалға алынған орындар мен сауда орталықтарының есігі әлі де жабық.

Ал Алматыда  жағдай өзгеше. Мұнда негізгі тізімнен басқа жылжымайтын мүлік, аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау және баспа қызметтерін ұсынатын компаниялар өз жұмысын бастайды.

Шымкентте үй жануарларына арналған дүкендер мен жылжымайтын мүлік агенттігі осы тізімге қосылды. Сондай-ақ, бұл мегаполистің тұрғындары жеке кабиналары бар моншаға бара алады.

Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды. Алайда тұрғындарға балалармен бірге алаңдарда серуендеуге және көшеде спортпен шұғылдануға рұқсат етілді. Сонымен қатар, бірқатар аймақтарда әуе байланысына рұқсат етілді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен және Семейде әуежайлар ашылды.

 

Фото: 24.kz