Қазақстан қырғыз еліне Жеңіс эстафетасының символын тапсырды

Қазақстан қырғыз еліне Жеңіс эстафетасының символын тапсырды

Қазақстандық шекарашылар қырғыз әріптестеріне Жеңіс эстафетасының символын тапсырды. Салтанатты іс-шара мемлекетаралық бақылау-өткізу бекетінде өтті. Бұған дейін капсула Қазақстанның Өскемен, Күршім, Зайсан, Мақаншы, Үшарал, Жаркент, Шонжы, Алматы және Қордай қалалары арқылы өткен. Айта кетейік, бірнеше күннен кейін қырғыз шекарашылары Эстафетаны  тәжікстандық әріптестеріне тапсырады.

Әскери-патриоттық Жеңіс эстафетасы 2015 жылғы 2 ақпанда Ресейде басталған болатын. Эстафета Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан, жалпы, 9 мемлекеттің сыртқы шекаралары бойымен өтеді. Осылайша капсула Екінші дүниежүзілік соғыстың ең сұрапыл шайқастары болған жерлерге жеткізіледі. Жолдың жалпы ұзындығы 70 мың шақырымға жуық. Марафон 28 мамырда Мәскеуде «Белгісіз жауынгер зираты» мемориалдық кешенінде аяқталады.

 

Фото: ehonews.kz​