Этномәдени бірлестіктер бірлік мерекесімен құттықтады

Этномәдени бірлестіктер бірлік мерекесімен құттықтады

Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні. Мерекесі қарсаңында еліміздегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері барша халықты атаулы мерекемен құттықтап, өз лебіздерін білдіруде. Олардың айтуынша, халықтар достығының мерекесі түрлі ұлт пен ұлыс арасында  ыстық ықылас пен достық ниеттің нышанына айналып отыр.

«Армысыздар, құрметті отандастар! Қазақстан халықтар бірлігі күнімен баршаңызды құттықтаймын. Достық пен ынтымақ бар жерде ырыс пен береке бола берсін. Мереке құтты болсын!», деп өз жылы лебізін білдірді домбыраның құлағында ойнайтын Африка мәдени орталығының өкілі Даниэль Джеймс Данлади-Бвай.

Түбі бір түркітілдес халықтар да барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғаса беруіне тілектестік білдірді.

«Құрметті, қымбатты, Қазақстан халқы! Елімізге бірлік, ынтымақ, береке тілеймін! Гүлдей бер, Қазақстан!»-деді «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің ақсқалдар кеңесінің төрағасы Марат Құлманбетов.

«Құрметті, достар! Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, бақыт, жақсылықтар тілеймін!» - деп Өзбек ұлттық этно-мәдени орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев өз тілегін білдірді.

 

Фото: vecher.kz