ҚР СІМ: «Оңтүстік Кореядағы өртте 2 қазақстандық қайтыс болды»

ҚР СІМ: «Оңтүстік Кореядағы өртте 2 қазақстандық  қайтыс болды»

Оңтүстік Кореядағы логистикалық қойманың құрылыс алаңындағы өрт салдарынан Қазақстанның екі азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғандай бұл елде отандастарымыз заңды түрде жұмыс істеген.

«29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, нәтижесінде 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматының тұлғасы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 

Фото: express-k.kz​