Қазақстан халқының бірлігі күні онлайн форматта тойланады

Қазақстан халқының бірлігі күні онлайн форматта тойланады

Ертең елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Ассамблея өкілдері мен барлық облыстарда мерекелік іс-шаралар дайындалуда. Дегенмен, белгілі жағдайларға байланысты биылғы жоспарланған шараларды жұртшылық онлайн форматта ғана тамашалай алады. Сонымен, қаперіңізде болсын:

1) Елордалық филармония барлық қазақстандықтарды «Ынтымақ мекені» онлайн-концертін көруге шақырады. Сізге билетті сатып алудың қажеті жоқ, дресс-код те өз еркіңізге қарай.

https://www.youtube.com/channel/UCGcalbGEDoR9Hyj1yvJGB6g

2) Қазақстандық жұлдыздар да өз өнерлерімен қуантады. YouTube арнасының тікелей эфирінде Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Парвиз Назаров және Әли Оқаповтың қатысуымен Live-концерт өтеді

https://www.youtube.com/results?search_query=Almaty+Creative

3) 1 мамырда Қазақстан Республикасының Кастеев атындағы өнер мұражайы «Көрерменмен диалогтар» атты жаңа айдар жарияламақ. Оған танымал қазақстандық суретшілер қатысып, өнердің ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, сұрақтарға жауап береді. Тікелей эфирді музейдің Facebook-тегі ресми парақшасынан көре аласыздар:

https://m.facebook.com/gmi.rk/videos/3197308130301074/

4) Қазақстан халқының бірлігі күні сонымен бірге отандық театрлар өз қойылымдарын ұсынады. Мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында «Келіндер көтерілісі» қойылымы көрсетіледі. Ол театрдың YouTube каналында қол жетімді болады.

 https://www.youtube.com/channel/UCTSuKxpA9TDphIvxdNJH2iA

5) Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры «Өлі Жаман» ертегісін интернетте көрсетеді, мына сілтеме арқылы көруге болады.

https://www.youtube.com/channel/UCRTEHwnFhgidEhO9Gaa1L5A

6)  Атаулы мереке күні сонымен қатар түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарын дайындауға болады. Бүгінгі таңда интернет желісінде #үйдебіргедайындаймыз хэштегінде ондаған бейнемәзір жазылып үлгерген. Еске салайық, акция еліміздің этномәдени бірлестіктерінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

https://www.youtube.com/watch?v=sNVkRMTBNW8&t=1s

 

Фото: kzvesti.kz​