ДДСҰ көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

ДДСҰ көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері аймақтағы елдерге көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін Қазақстанға алғыс білдірді. ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бұл туралы ұйымның штаб пәтерінде өткен онлайн брифинг барысында айтып өтті. Ол өз сөзінде пандемия кезінде әлемдегі елдер ауызбіршілік пен ынтымақтастықта  әрекет етуінің маңыздылығы туралы айтты.

Ал ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия аумағында қатерлі індеттің өршуін болдырмау үшін аймақ елдері өзара үйлестірілген жұмысқа көшуінің маңызын тілге тиек етті.

«Аймақтағы елдерге көрсеткен көмегі үшін тағы бір рет Қазақстанға алғыс білдіремін. Бізге пандемияға байланысты соңғы жағдайлар ең қажетті көмек көршілес елдерден келетінін көрсетіп берді. Бұл көрші үй немесе көрші мемлекет те болуы мүмкін. Бұл елдерді ортақ тілі, танымы, мәдениеті сынды ортақ құндылықтар біріктіреді. ТҮркиядан бастап, Қазақстан мен Тәжікстанды қосқандағы барлық аймақ өзара көмек көрсетуде жұмыла алады. Мен инновациялық стратегиялар, карантиннен шығу жолдарын ақылдаса шешу сынды жұмыстар жағдайды бақылауға алып, қалыпты әлеуметтік экономикалық өмірге оралуға оң ықпал етеріне сенімдімін», - деп атап өтті  Майкл Райан.

 

Фото: twitter.com​