Этночелленджге қатысушылар көбейді

Этночелленджге қатысушылар көбейді

Әр халықты басқалардан бөлектеп, айқындап тұратын нышандары болады.  Солардың  бірі – ұлттық киім. Күміс және алтын жіппен көмкерілген, асыл тастармен безендірілген қазақтың қалыңдық киімі, шешендердің мерекелік костюмі, өзбек келіншектерінің күнделікті оюлы көйлектері мен тақиясы - көрген жанның көңілінен шығады. Әлемнің әр елінен үн қосқан этночелленджден қазақстандық қыз-келіншектер де тыс қалған жоқ. Оған қатысқан бұрымдылалар өз ұлтының киімін киіп, мың бұрала биледі.

«Біз сіздермен ұрпақтан-ұрпаққа көздің қарашығындай беріліп келе жатқан ең қымбат дүниеміз, ұлтымызды айқындайтын белгілердің бірі ұлттық киімдерімізді көрсеттік. Осы қысқа ғана бейнабаян арқылы әрбір ұлттың құндылықтарымен, керемет әлеміміздің сұлулығымен, мәдениетімен танысса екен деген ойымыз болды»,- деп жазған #etno_challange қатысушыларының бірі өзінің әлеуметтік парақшасында.

 

Фото: osiform.org