БҰҰ: жастар қоғамдық процестерге қатыса алуы керек

БҰҰ: жастар қоғамдық процестерге қатыса алуы керек

Дүниежүзінде пандемияға қатысты оқу орындарының жабылуынан 1,5 миллиардтай бала мен жас үйқамақта отыр. Осылайша олар ғаламтор желісінде уақыттарын көп өткізіп, түрлі экстремистік топтардың торына түсіп қалуы әбден мүмкін. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Бас хатшысы Антониу Гуттериш ұйымның виртуалды отырысында осындай мәлімдеме жасады.

«Біз мұндай топтардың COVID-19 кезінде карантиндік шараларды өз мақсаттарына жету үшін «тиімді» қолданып келе жатқанын көріп отырмыз. Олар әлеуметтік желілерде халық арасына от салып, бір-біріне қарсы қоюда. Сондай-ақ, қазіргі үйде отырған жастарды көздегендеріне жету үшін көптеп тарта бастаған», - дейді ұйымның бас хатшысы.

Сонымен бірге, ол пандемиядан бұрын да жастар үлкен проблемаларға тап болғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда әр бесінші жас білімсіз және жұмыссыз. Әр төртіншісі зорлық-зомбылықтан немесе қақтығыстардан зардап шегеді. Жыл сайын 12 миллион қыз бала ерте жаста ана атанып отыр», - деді Антониу Гутерриш.

Ол әлемдік қауымдастықты жастардың болашағына салынатын инвестицияны айтарлықтай арттыруға шақырды.

«Біз жастарды тек қорғауға мұқтаж халық ретінде қабылдамауымыз керек. Бұл тең құқықты және өзгерістерге ықпал ететің азаматтар», - деді БҰҰ басшысы.

Антониу Гутерриш көптеген жерлерде өскелең ұрпақтың пікірлері негізге алына бермейтінін және әрекет етуге құқық берілмейтініне алаңдаушылық білдірді.

«Дауыс беруге жас сайлаушылардың аз қатысуы таңқаларлық емес», - деп атап өтті БҰҰ басшысы. «Осылайша, саяси ұйымға наразылықтар артып келеді», - деді Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

Отырысқа қатысушылар БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жастардың белсенді өмір сүруі үшін қауіпсіз орта құруы керек деп атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық процестерге тең қатысуды қамтамасыз ету қажет деген пікірге келді.

 

Фото: ca-irnews.com