Нұр-Сұлтан қаласының архиві ҰОС қатысты құжаттарды жариялайды

Нұр-Сұлтан қаласының архиві ҰОС қатысты құжаттарды жариялайды

Ерлік пен қаһармандықтың өшпес үлгісіне айналған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Мәңгілік полк» атты дәстүрлі акциясын бастады. Карантинге байланысты игі шараны онлайн режимінде тамашалау мүмкіндігі жасалып отыр. Оның аясында мекеменің ресми сайтында майдангерлердің мұрағаттық құжаттары негізінде жарияланымдар легі көпшілік назарына ұсынылады. Өздері сыйлаған бейбіт өмірде көрген және болашақ үшін қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен алысып жан қиған боздақтар қаншама. Әлі де сұрапыл соғыста із түссіз жоғалып, отан үшін жер құшқан талай батыр сарбаздың сүйегі табылмай майдан даласында жатыр. Шара мақсаты – даңты қазақ майдангерлерінің рухына тағзым ету, дейді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінің директоры Мейрам Бектембаев,

«Мақсатымыз – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, тарихи жадын жаңғырту. Өскелең ұрпақ арасында туған өлкенің мәдениеті мен тарихы туралы білім қалыптастыру, ұлттық сана-сезімді нығайту, қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен қазақстандықтар туралы айту болып табылады. Бұл басылым топтамасын біздің http://nursultan.gosarhiv.kz/сайтымыздан, «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» Мемлекеттік мекемесі Facebook әлеуметтік желілерінде, gost_arhiv инстаграммнан көре аласыздар», - деп мәлім етті Мейрам Бектембаев.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: vk.com