ҚХА қазақ тілін үйренуге шақырады

ҚХА қазақ тілін үйренуге шақырады

Қазақстан халқы Асамблеясы қазақ тілін үйрететін «Мәміле» жобасының онлайн нұсқасын іске қосты. Жобаға алғашқылардың бірі болып Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қосылды. Карантин кезінде қазақ тілін онлайн режимде үйренуге тілек білдірушілер саны күрт артты дейді, өңірлік өкілдік мүшелері. Ниет танытқан әр адам үйде отырып-ақ @ank_sko инстаграм парақшасында тілді білу деңгейін жақсарта алады.

«Мәміле» пікірталас клубының сабақтары апта сайын өткізіледі. Курс тәлімгерлері жаңа формат арқылы аудиториясын кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Алда барлық тыңдаушыларды қызықты сабақтар күтуде: диалогтар, өзекті тақырыптар негізінде құрастырылған жаңа сөздер мен сөйлемдер, мәтіндік және бақылау тапсырмалары, үй жұмысы. Осылайша, мемлекеттік тілді жетік меңгергісі келетін барлық адамдармен кері байланыс орнатылады.

Қосталай өңірінің  Достық үйі де мемлекеттік тілді меңгерудің бейнесабақтарын ұсынады. «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» онлайн сабақтары арқылы білім шыңдау үшін барлық жағдай жасалған. Карантиндік шаралар алынып тасталғаннан кейін де сабақтар жалғасын табады  Онлайн сабақтар жексенбі, сәрсенбі күндері өткізіледі.

 

Фото: camonitor.kz