Азаматтық авиация академиясына талапкерлерді қабылдау талабы күшейтіледі

Азаматтық авиация академиясына талапкерлерді қабылдау талабы күшейтіледі

Еліміздегі азаматтық авиация академиясының даму бағдарламасын жетілдіре түсу керек. Бұл жөнінде ҚР ИИД министрі Бейбіт Атамқұлов азаматтық авиация мамандарын дайындау мәселелеріне арналған бейнеконференцияда мәлімдеді.

«Бірінші кезекте бұл ұшу құрамын оқыту бағдарламасының халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ отандық авиакомпаниялар тарапынан салалық оқу орны түлектерінің төмен сұранысқа ие болуына байланысты. Мәселені шешу үшін ведомство басшысы талапкерлерді іріктеуді күшейтуді және Академияға түсу үшін өту балдарын арттыруды, сондай-ақ авиацияның басқа түрлері үшін персоналды даярлау бағдарламасын енгізуді тапсырамын», - деді министр.

Көптеген жылдар бойы Боинг корпорациясының бас пилоты болған "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы Линда Орледи де бірқатар маңызды ескертулерді айтып өтті.

«Жүргізілген инспекторлық тексеру қорытындысы бойынша Академияның тарапынан  бірқатар сәйкессіздіктер анықталып отыр. Осының нәтижесінде ЖОО-ның ҚР Білім және ғылым министрлігінен бейінді министрлікке берілуін есепке ала отырып, жас әуе мамандарын оқыту тәсілдерін жүйелі өзгерту талап етілді», - деді ол.

Бұған дейін Азаматтық авиация академиясы 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын бекіткен болатын. Талқылау қорытындысы бойынша ол халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, жақын арада қайта қаралатын болды.

 

Фото: dalanews.kz