Отандық туризм онлайн түрде дамытылады

Отандық туризм онлайн түрде дамытылады

Қазақстанда «Туризм үшін онлайн вебинарлар» жобасы іске қосылды. Бұл жөнінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы брифинг барысында мәлімдеді.

Жобаның аясында отандық туризм саласының мамандары бірігіп, біріңғай www.tourismonline.kz сайтын құрған. Электронды тұғырнамада шетелдік қонақтарға арналған мәдени туристік пакеттер әзірленуде. Мұнда онлайн режимде елдің мәдени ошақтары және көрікті жерлері, туристік нысандарымен танысуға болады.

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 - Бүгінгі күні алаңда 20 өзекті тақырып талқыланып, 500 адам қатысты. Оның ішінде Алматы облысындағы тау туризмі, Турагенттерге арналған заң кеңесі, Туризм үшін кредит беру бағдарламалары мен саланың жаңашылдықтарына қатысты жазбалар қол жетімді. Роликтерді 25 мыңнан астам адам қараған. Сайт қолданушылары Қазақстаннан басқа ТМД және алыс шетелдерді қамтиды.

Министрдің айтуынша Қазақстан шетелдік туристерді тарту үшін және Орталық Азиядағы мәдени-туризм орталығына айналу үшін үлкен әлеуетке ие. Табиғаты көркем еліміз тарихи ескерткіштер, көне мәдени нысандар мен киелі жерлерге де бай. Бірқатары ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енгізілген. Төтенше жағдай кезінде отандық туризімді дамытуда рухани азық мекендері де өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі таңда Бозоқ, Сарайшық, Сауран және Отырар қалашықтары, сондай-ақ Берел және Есік қорғандары сияқты тарихи-мәдени мұра объектілері, музейлер мен музей-қорықтар 3D форматтағы экскурсия, онлайн-серуен режимі, қашықтан дәрістер, бейне сабақтар сынды шаралар арқылы өз жерлерін көрсету мүмкіндігін ұсынуда.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: strategy2050.kz