Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қ. Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі екенін атап өтті. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналғанын еске салды.

«Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!»,- делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

 

Фото: 360tv.ru​