Коронавирус туралы балаларға арналған кітап қазақ тіліне аударылды

Коронавирус туралы балаларға арналған кітап қазақ тіліне аударылды

Ағылшын ғалымдарының балаларға арналған коронавирус туралы кітабы қазақ тіліне аударылды. Әлем балаларының сүйікті кейіпкеріне айналған Груффалоны салған Аксел Шэффлер мен Англияның жұқпалы аурулар кафедрасының мамандары. Қазақстандық Steppe and World баспасының мәліметінше, тнымдық еңбекте қатерлі індеттен қалай қорғану керек, үйден шықпай отырған неліктен маңызды екені балаларға түсінікті, жеңіл тілде баяндалады. Айта кету керек, оны дайындауға қатысқан мамандар жұмысына ақы алған жоқ. Қазір кітап ғаламторға жүктеліп, тегін тартылып жатыр. Ағылшын тілінен аударған – Назгүл Қожабек, қазақша нұсқасын құрастырған – Райса Сайран Қадыр.

НАЗГҮЛ ҚОЖАБЕК, АУДАРМАШЫ:

– Бұл кітаптың басты ерекшелігі балаларға төтенше жағдай кезінде далаға шықпау неліктен маңызды екені түсіндіріледі. Үйде отыру, қолды жуу, айналаңа қамқорлық жасау, онлайн жұмыс істеп отырған әке-шешеңе кедергі жасамау арқылы дүниежүзін жаулаған індетке қарсы өз үлесін қосатыны айтылады. Яғни, баланы тұлға ретінде көрсетіп,  өзінің орны бар екенін айқындайтын кітап.

Айта кетейік, кітап ғаламторға жүктелді. Оны оқырмандар мына сілтеме арқылы өтіп, оқи алады.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: indd.adobe.com